Қордай ауданы Қордай ауылдық "Самал" мешітінде РАНТ мүшесі, белгілі уағызшы Ғазиз Ахметов өңір жамағатымен жүздесті.
Шыншылдық тақырыбын уағызына арқау еткен білікті маман шындықты айтудың маңызын түсіріндіріп өтті.
Адамның кісілік болмысына тән бұл қасиет қашан да қоғам алдында бәрінен де жоғары тұрады. Қоғамда шындық өмір сүрмесе, мемлекет, қоғам тарапынан шынайылық бағаланбаса, ел өмірінде мәдени өзгеріс, даму болған емес.Шындық әлем, қоғам, адам болмысын біріктіріп отыратын ұғым. Шындықсыз мүмкіндік жоқ. Кез келген әлеуметтік дамудың құбылыстарын негіздеп отыратын мүмкіндік шындық арқылы көрінеді және адам өмірінің рухани келбетін айқындаушы мәнге айналып отырады. Шындық болмаса, білім де жетілмейді, білімнің де негізге алатыны шындық.
Имам аят, хадистерден мысалдар келтіріп, көпшілікті терең ойға салатын сүбелі насихат жүргізді. Жамағат өз сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі