Қордай аудандық кітапханасында қызметкерлермен діни кездесу жасалды. Жиынға Қордай аудандық мешітінің ұстазы Зейнет Жұмабайұлы арнайы барып қатысты.
Жат ағымның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасылық мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Маман шариғат талаптарын, ислам өмірден тыю емес керсінше, дұрыс бағытта өмір сүру заңдылығы екенін жеткізді. Кітапхана қызметкерлері көкейкесті барлық сұрақтарына дәлелді жауап алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі