Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Және намазды дұрыс болу шарттарына сай етіп оқыңдар, әрі толық зекет беріңдер», - деп бұйырған («Бақара» сүресі, 43-аят).
Осы орайда, Меркі ауданы, Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен, Кеңес ауылы тумасының демеушілігімен ауылдағы асыраушысыз қалған 5 баланы жалғыз өзі асырап отырған әпкемізге «Зекет» малы үлестірілді.
Көмек ретінде 1 жасар тана, 150 түк шөп және 2 қап арпа берілді.
Көмек алған әпкеміз өз рахметін айтып, кәсіпкердің отбасына, мал-дүниесіне береке тілеп ризалығын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі