Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының орталық Мәдениет үйінде Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен ауыл тұрғанымен кездесу өтті.
Аталған кездесуге арқау болған тақырып - «Бала тәрбиесі». Шындығында, қазіргі қоғамда бала тәрбиесі күнтәртібіндегі кезек күттірмейтін басты мәселелердің біріне айналып отырғаны баршамызға аян. Тіпті, кейде бүгінгі ата-аналардың ағаттығынан дейміз бе, жоқ әлде қатыгез қоғамның ықпалынан ба, немесе дос – құрдастың дұрыс ұстанымда болмағанынан ба қазірде жастарымыздың өз – өзіне қол жұмсау деген сұмдық іс-әрекеттерін көз көріп, құлақ естіп жүр. Әрине, бәріміз бірінші ата-ананың салғырттығынан деп ойлайтынымыз анық. Алайда, жаңа технологиялар дамып жатқан заманда, бұл да ата-ананың қателігі деуге келмес. Түп-төркініне келер болсақ, бүкіл қоғам өміріне, жастар тәрбиесіне, кемел ұрпақтың келешегіне алаңдаған болсақ, онда тәрбиені тал бесіктен бастағанымыз жөн.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі