Шу аудандық "Жәми" мешітінде қыз балаларға арналған "Имани жаз - 2022" діни сауат ашу курсы жалғасын табуда. Дәрісті ҚМДБ Жамбыл облысы, Шу ауданы бойынша Әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы жүргізуде.
Қыздар құран, дұға, әдеп, иман, ғибадат сабақтарынан бөлек бос уақыттарында түрлі қол өнер түрлерімен машықтануда.
"Қыз баласының шебер болуы, білімді болуы маңызды, өйткені ол ертең ұрпақты тәрбиелейді" - дейді ұстаз. Шәкірттерге сабақ арасында тіскебасар, тәттілер таратылатынын да айта кетейік.
Шу аудандық "Жәми" мешітінінің баспасөз қызметі