Шу ауданы Ақтөбе ауылының кітапханасыда жат ағымның алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауыл имамы қатысып, жат ағым, радикалды топ, экстремизм атауларына түсініктеме берді.
Дәстүрлі дініміз, шариғатымыз нені бұйырады, теріс бағыттың жолы қандай, ол жолға түсіп кетпес үшін нені білу керек деген сауалдарға қызметкерлер жауап алып, имамға өзге де сұрақтарын қойды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі