Сәлем сөздің анасы

Сәлем сөздің анасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәлем сөзі халқымызға сонау ерте ғасырлардан бері сіңіп кеткен сөз. Ал негізіне оралсақ бұл араб сөзі «сәләм» дегенен бастау алады. Ас-сәләм сөзінің мағнасы аман болу, құтылу деген мағнаны білдірідсе. Екінші мағнасы амандасу, сәлемдесу дегенді білдіреді. Ас-сәләм сөзімен амандасу бұл Ислам дінінің сәлемдесуі және Жәннәт иелерінің сәлемдесуі болып табылады. Ол «Ассалаумағалейкүм!» деген. Мұсылман адам тіпті танымайтын адаммен де сәлем беріп, сәлемді қайтару міндетті. Комунистік кезеңінде сәлемдесуімізді жоқ қылғысы келді алайда ол жоспарларына қол жеткізе алмады. Қазіргі таңда біз сәлемдесуге аса мән бермей келе жатқан сияқтымыз. Қоғамымызда бір-біріне тілек тілеудің орнына жауапсыз сұрақ қойғандай болып бара жатыр. Мысалы «сәлеметсіз бе» жауабы «сәлеметсіз бе» немесе «қалайсың» жаубы «қалайсың» деген секілді сәлемдесулер өте кең тарап бара жатқан секілді.

Қазақ халқындағы амандасу нағыз мұсылманша. Сәлемдескен кезде оң қолын жүрек тұсына қойып «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап  сәлем берген. Ал қол алысқанда оң қолын беріп, қос қолдап амандасқан. Ал әйел кісілермен «Есенсіз бе» деп хал сұрасқан. Осылайша ата-бабамыз ұрпақтарына тәрбие беріп келген.

Құрани Кәрімде Алла Тағала «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен үйлеріңнен басқа үйлерге қашан рұқсат сұрамайынша, иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Солай еткендерің өздеріңе жақсы, бәлкім, үгіт аларсыңдар». Нұр» сүресі, 27-аят). Сондай-ақ, ардақты аяттарда сәлем берген адамға сәлем қайтарудың маңызы айтылады. Алла Тағала былай дейді: «...Егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші» Ниса» сүресі, 86-аят).

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Даңқты да ұлық Алла Адам атаны алпыс шынтақ бейнесінде жаратты. Жаратып болған соң оған: «Ана отырған топқа бар да, сәлем бер. Олардың өзіңе не деп жауап қайтаратынын тыңдап көр. Бұл сенің және ұрпақтарыңның сәлемдесуі», − дейді. Ол жерде бір топ періштелер отырған болатын. Адам ата оларға барып: «Ассаламу алейкум!» − деп амандасады. Олар: «Ассаламу алайка уа рахматуллаһ!» − деп, «рахматуллаһ» сөзін қосып жауап қайтарады» (Ахмет).

  Ералы Киикбаев

«Акрам Төре» мешітінің имамы 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: