Шариғат тәртібімен мал бауыздау

Шариғат тәртібімен мал бауыздау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қандай да бір істі бастамас бұрын Алланың атын атап, яғни «бисмиллә» деп бастап, бір Алланың разылығы үшін жасау – мұсылманның басты міндеті. Сол секілді малды да бір Алланың атымен бауыздау – парыз амал. Шариғат бойынша малды «бисмиллә Аллаһу әкбар» деп екі күре тамыры бірдей һәм бірден кесіледі. Осылайша, малдың денесіндегі бүкіл қан серпіліп шығуы тиіс. Жаман нәрсенің барлығы қанмен бірге ағып шығады. Малды сояар кезде қорқытпай, қинамай әрі зақым келтірмей сою керек. Қазақта мал сояарда: «Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ», деп малды қинамай, қорламай, өткір пышақпен бауыздаған.

Шариғат тәртібімен бауыздалмаған малдың адам ағызасына тигізер зияны өте көп. Шариғат талабына сай келмейтін мына жағдайлар: бисмилләсыз сою, тоқпен өлтіру, балтамен немесе кувалдамен өлтірілген малдар жатады. Мұндай жолмен өлтірілген малдың еті арам болады. Шариғатымыз бойынша бұндай тәсілдер мүлдем дұрыс емес. Тоқпен немесе ауыр соққымен өлтірілген малдың қаны бойында қалып, қанда зияанды гемокультура, шылактар пайда болады.

Бауыздау арқылы қаны ақпаған малдың еті түрлі ауырулардың қоздырғышына айналады. Сондықтан харам ет жеген адамның ұйқысы бұзылып, тұла бойы ауыруға шалдығады. Малдың жанды жерінен пышақ сұғып немесе басынан балтамен ұрып өлтіруге шариғатымызда қатаң тыйым салынады. Малды қорлап, қинап өлтіруге болмайтын себебі сол. Мұндай кезде малдың қанында адреналин сияқты қорқыныш гормондары көбейіп, бірден еттің құрамына әсер етеді.

Халал стандар жүйесі ет-сүйек ұнын, ген-модификациялаушы өнімдер мен шошқа етін, өлексені, қанды, басқада шариғатта харам саналатын қоспаларды пайдалануға, сондай-ақ мал етіндегі үрей, өсу гормондарын қолдануға қатаң түрде тыйым салады. Бүгінде Еуропа елдерінде мал етіндегі «үрей гормоны» (адреналин) қызу талқыланып жатыр. Сою кезінде мал қатты үрейленсе етінің сапасы нашарлайды. Мал қандай жағдайда үрейленеді? Малды басқа бір малдың көзінше бауыздаса үрейленіп ағзасында «үрей гормоны» мен адреналин агрессиясы бөлінеді. Бұл гормон қанмен бірге барлық ағзаға тарайды. Адреналин қант алмасуды өзгертеді. Соның салдарынан еттің қышқылдығы өзгеріп, оның түсіне де, сақталу мерзіміне де әсер етеді. Етті адреналиннен тазарту мүмкін емес, тіпті қайнатқан күннің өзінде адреналиннің 10-15 пайызы ғана төмендейді. Сондықтан агрессия мен жеккөрушілік бойына тарап кеткен мал етін тұтынуымызға тура келеді. Алла сақтасын мұндайға жол бермей, мұсылман мұқият болуы тиіс. Алла тағала адалынан жеуді өзі нәсіп еткен болсын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: