#Меркі ауданы: Құрбан айт күнгі іс-шара

#Меркі ауданы: Құрбан айт күнгі іс-шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Мәдинадағы бір ансар-сахаба Исламнан бұрын тойлайтын екі күннің болғаны туралы Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) айтқанда, ол: «Алла сол екі күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт», – деген.

Айт намаздарының алғашқы уақыты – күннің көкжиектен найза бойындай көтерілгендегі уақыт. Бұл шамамен күн шыққаннан кейін 50-55 минут өткеннен кейін басталып, бесін намазының кіруіне дейін жалғасады. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. 

Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде сенбінің күнінде күн көк жиектен көтеріле бастағанда ұылқ болған «Құрбан айт» намазы оқылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мешітке жиналған жамағатқа «Құрбан айт» намазының маңыздылығы, қалай оқылатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Уақыт сағаты жеткенде жамағатқа имамдық етіп айт намазы мен құтпасын оқыды. Намаз соңында аруақтарға арналып Құран бағышталды.

Мешіт ауласына айттық дастархан жайылып, қой көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпазға сол қойды сыйға тартты.

Намаздан соң ниет еткендер Алланың разылығы үшін құрбандықтарын шалды. Еттері үшке бөлініп, ауданға қарасты жағдайы төмен отбасыларға еріктілердің атсалысуымен үй-үйге үлестірілді.

Көмек алған отбасылар ризаалықтарын білдіріп алғыстарын айтты.

Барша мұсылман қауымына «Құрбан айт» мерекесі құтты да баянды болсын!!! Ниеттеріңіз қабыл болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: