Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында «Бесағаш» мешітінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының арасында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға арнайы қайырымдылық көмек көрсетті.
Аталған игі шараға ауыл кәсіпкерлері мен мешіт жамағаты да көмек қолын созды. Қайырымдылық көмек 20 отбасыға 10 мың теңгеден үлестіріліп, барлық сомасы 200 мың теңге қаражатты құрады.
Айта кететін жайт, бұл жолы қайырымдылық көмек қаражат есебінде, арнайы Құрбан айтқа кішігірім көмек ретінде таратылды. Көмек алған отбасылар өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі