Жамбыл ауданы және де ауданға қарасты ауыл-аймақта күллі мұсылман баласының ұлық мейрамы болған Құрбан айтқа орай, дайындық жүргізілуде. Атап айтсақ, мешіттерімізге арнайы бильбордтар ілініп, аудан тұрғындарына арналған құттықтаулар қыстырылды. Сонымен бірге, мешіт ауласы мен ішкі-сыртқа тазалығы да назардан тыс қалған жоқ.
Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі