"Әлжан ана" ауылдық мәдениет үйінде ауданның наиб имамдары Нұрбол Солтанбек пен Бекзат Жұмабайұлы діни кездесу өткізді.
Халыққа дін турасында дұрыс түсінік қалыптастыру мақсатында профилактикалық жиын өткізе отырып, ата дәстүріміз бен дінімізді сабақтастырып ұстану турасында насихат айтылды.
Білікті дін мамандары көпшіліктің көкейіндегі сауалдарына жауап беріп, теріс ағым мен ислам діні арасындағы айырмашылық, ақиқат дініміз қандай екенін тізіп, түсіндіріп берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі