#Жамбыл: Мүбәрәк айдың берекесі

#Жамбыл: Мүбәрәк айдың берекесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уәли Қалпе» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Ержан Сапарбеков «Мүбәрәк айдың берекесі» турасында кеңінен уағыз айтты.

Рамазан айы – Алла Тағаланың мүмин пенделеріне берген үлкен нығметі. Бұл айда Раббымыздың мейірімі төгіледі. Сонымен бірге, Рамазан айының түндерінде ғибадат ету – өте сауапты іс әрі күнәлардан тазару мүмкіндігі. Рамазан айында ұйықтамай оқылатын намаз «тарауық» деп аталады. «Тарауық» сөзі рақаттану деген мағынаны білдіреді.

Жиырма рәкағат нәпіл намазды имамға ұйыған халде жамағатпен мешітте оқу ең үлкен сауапты істердің бірі саналады. Жаратушы Иеміз Рамазан айында шынайы ниетпен ұстаған оразамызды, түндерде оқитын тарауық намаздарымызды, хатым Құрандарымызды, қайырымдылық істерімізді және барлық ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мүбәрак айдың қадір-қасиеті мен берекесін табуды нәсіп еткей! 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: