Жамбыл ауданына қарасты Қызылдиқан ауылында «Шарапатты Рамазан» акциясы аясында ауызашар қоржыны үлестірілді. Аталған шараға ауыл имамы Ескендір Шаршенұлы ұйытқы болып, 7 ауыл тұрғынына қоржын табыс етті.
Ауызашар беру - өте үлкен сауап. Жолда кетіп бара жатып, кез келген аузы берік адамға бір дана құрма берумен ауызашар беру сауабына қауышылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі.»дегенінде сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауызашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Расулуллаһ былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады». (Бәйһақи)
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі