Рамазан - мейірім айы

Рамазан - мейірім айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жәннәт қақпалары айқара ашылатын ай

Әбу һурайра (р.а) жеткізген хадисте:«Алла елшісі саллаллаху алейһи уә сәлләм»: «Рамазан айы келгенде жәннаттың қақпалары айқара ашылып, тозақтың қақпалары түгелдей жабылады.Шайтандар  кісенделеді» -  деп айтты» - делінген. Бұл айда Алла Тағала өз рақымымен құлдарын күнәдан тыйылып, ізгі істер жасауға шақырып, жеңілдігін береді. Шайтандар кісенделіп, жер бетінде күні, қылмыс атаулы азаяды. Әр сәті берекеге толы осы айда, жәннатқа кіріу мүмкіндігі мол.

Рамазан - құран айы

Қасиетті Құран – қияметке дейінгі адамзат үшін тура жол мен ақиқаттың қайнары, екі дүние бақытына бастайтын иләйһи пәрмендерді қамтығын мұғжиза кітап. Адамзаттың асылы (саллаллаху алейһи уә саллам) бұл кітапты бір хадисінде «Онда сендерден бұрыңғы (елдердің жағдайларына қатысты) хабарлар және сендерден кейінгі (қияметке дейінгі) болатын бүліктер һәм қиямет хақында хабарлар бар. Сонымен қатар араларыңда (иман-күпір, бағыну, қарсылық көрсету, харам, адал т.б.түрімен) болатын жағдайларға қатысты үкімдер бар. Ол ақиқат пен жалғанды бөлуші дара өлшем. Онда ешқандай жәй сөз, әзіл жоқ. Кімде-кім бір залымнан қорқып, одан алшақтап, онымен амал етпесе, Алла Тағала оны құрдымға тастар. Кімде-кім одан басқа тура жол іздесе Алла Тағала оны адастырар. Өйткені ол Алла Тағаланың ең мығым арқаны. Ол хикмет пен зікірге толы сөз. Һәм ол хаққа жеткізер тура жол. Ол өзіне бағынғандарды жолдан таюдан (нәпсіге беріліп) ал өзін (оқыған) тілдерді де шатасудан сақтайды. Ғалымдар еш уақытта оған тоя алмас. Оны көп оқып қайталағандар ешқашан жалықпас һәм дәміде жоғалмас. Оның адамдарды таңдандыру қасиетінің ақыры жоқ шексіз. Оны жындар да естіген кезде:

«Біз тура жолды көрсеткен ғажайып және ешқашан естімеген Құран естідік. Біз оның (Алланың сөзі екендігіне) сендік» деп таңданысын жасыра алмаған. Құран рухымен сөйлеген адам дұрыс сөйлейді.Онымен амал еткен кісі сөзсіз сый-сыйапатқа бөленеді. Кімде-кім онымен үкім берсе әділдік пен үкім етеді. Кімде-кім оған шақырса тура жолға шақырады», - деп сыйпаттаған).

Сондай-ақ ғаламға рақым ретінде жіберілген ардақты Елші (саллаллаһу алейһи уә сәллам): «Алланың құзырында Өзінің сөзінен (Құраннан) ұлық ешқандай сөз жоқ. Адамдар Аллаға Оның сөзінен сүйіктірек сөзбен жақындаған емес) деп, Алла Тағалаға жақын борлуда ең абзалды іс – Құран оқу екендігін тілге тиек еткен. Адамның жаны мен тәніне қуат сыйлайтын, рухани байлығын күшейтетін осы айда Құран оқуға, тыңдауға, мағынасына үңіліп ғибрат алуға тырысқан абзал. Арабшасынан оқи алатындар Құранды толық аяқтап, хатым жасағаны абзал. Өйткені бұл ай – Құран айы. Пайғамбарымыз (саллаллаху алейһи уә сәлләм) бен Жәбірейіл (а.с) бір-біріне Құран оқитын. Құранды бізге жеткізіп, өмірімен өрнектеген Алла елшісі: «Жер бетіндегілерге көктегі жұлдыздарды қалай (жарқырап) көрінсе, Құран оқылған үй де көктегілерге солай көрінеді» деген. Олай болса, сауаптар еселенетін осы айда шаңырағымызды нұрға бөлеуге ұмтылған дұрыс.

Мың айдан да артық Қадір түні бар ай

Рамазан айында Хақ Тағаланың махаббат пен жаратқан пенделеріне арнайы сыйлаған ерекшк түн - Қадір түні бар. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік.  Қадір түні не екенін білесің бе? (Алла білдірмесе,) қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық» деп Қадір түнінің айырықша қасиетін атай келе,оны «мың айдан да артық» екенін тілге тиек еткен. Аятта ол түннің артықшылығы мың ай мен шектелмеген. Түптеп келгенде мың ай – бір адамның орташа өмір сүру ұзақтығынан да артық мерзім. Демек, ол – Алланың рақымы паш етілетін ерекше түн. Міне, осындай ерекше түнді күллі ғаламдардың жаратушысы осы айдың еншісіне берген. Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыз (саллаллаху алейһи уә сәллам): «Ораза айы келді, онда мың айдан хайырлы Қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса,барша жақсылықтан мақұрым қалмақ.Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады), - деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған. Тағы бір сөзінде Алла елшісі: «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылық пен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» - деген еді.

Айша анамыз (р.а): Алла елшісі (саллаллаху алейһи уә сәлләм): Қадір түнін рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінен іздеңдер -  деп айтты», - деген. Тағы бір сөзінде: « Алла елшісі (саллаллаху алейһи уә сәлләм) рамазан айыеың соңғы он күнінде түні бойы жатпай құлшылық жасап ,отбасы мүшелерін (құлшылық жасау үшін) оятып, құлшылық мәселесінде ерекше ынта-жігер танытатын еді»,- деген.

Алла елшісі (саллаллаху алейһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде: «Мына төрт түні жасалған дұғалар кері қайтарылмайды: Ережеп айының алғашқы түні, шағбан айының ортасы «бәраат түні),қадір түні және айттың бірінші күні», - деп қадір түнін құлшылық пен Алладан дұға тілеумен өткізуді өсиет еткен-ді.

                                     Қатарбай Таджибаев 

"Айша бибі" мешітінің бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: