Оразаның пайдалары

Оразаның пайдалары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – мұсылмандар үшін қасиетті және берекелі ай. Алла тағала Құранда: «Әй иман келтіргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де парыз етілді. Әрине сақтанарсыңдар», - деп айтқан. Ораза – бізді дүниеде жамандықтардан сақтайтын, ақыретте тозақ отынан қорғайтын және күнәларымыздың кешірілуіне себепші болатын маңызды құлшылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Кімде-кім шынайы сене отырып, сауабын Алладан күтіп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі», - деген.

Ораза үнемі Алланы есімізге салып тұрады, жауапкершілік сезімін арттырады. Жүрегімізді жаман сезім мен ойлардан тазартып, басқаларға жамандық жасаудан сақтайды. Ораза бізге жақсы мінез-құлық қалыптастырады. Өмірінде аштықтың не екенін білмеген адам, шынайы аштық пен қиыншылықты жеткілікті түсіне алмайды. Бірақ ораза – кедейлердің аштық пен қиыншылықтарын сезіндіретін құлшылық. Ораза ұстау арқылы адам баласы қолдағы нығметтердің қадірін түсінетін болады. Жылдың он екі ай ас қорытудан шаршап бөгіп қалған ас қорыту мүшелеріміз, оразаның арқасында демалады. Рамазаннан кейін жақсы жұмыс істейтін болады.

Нобель сыйлығының иегері француз ғалымы, доктор Алексей Корель ораза жайында былай дейді: «Ораза кезінде денеде жинақталып қалған қоректік заттар іске қосылады. Содан кейін олардың орнына жаңалары келеді. Осылайша денеде жаңару іске асады. Ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы».

Туркиядағы «Ататүрік» университеті, медицина факультетінің профессорлары Ислами оразаға биохимиялық зерттеу жүргізген. Нәтижесінде жәй ғана аштық пен ораза кезіндегі аштықтың арасында едәуір айырмашылық бар екендігін анықтаған. Келтірілген қорытынды нәтиженің бір бөлігі ғана.

Аштықты зертеудің жалпылама қорытындысы:

  1. Аштықтың алғашқы күндері қан, зәр, несеп жолдарының қызметі артады.
  2. Зәр, несеп жолдары қызметінің артуы қандағы протеин мөлшерінің азайғандығын білдіреді.
  3. Төрт апталық ашығу кезінде глицерин 80 пайыз мг даңгейінен төмендемейді. Тек бесінші аптада ғана 75 пайыз мг немесе одан да төмен түсуі мүмкін.
  4. Еркін май қышқылдары көбейеді. Бұл жағдай лицидтердің жойылуын көрсетеді.
  5. Қандағы амино қышқылдарының мөлшері азаяды. Бұл азаю глюкогенезистіңжылдамдығына тәуелді.
  6. Қандағы кетон заттарының қатары молаяды, зәр арқылы көп мөлшердеацетон сыртқа шығады.
  7. Жалпылама аштық көп мөлшерде салмақ жоғалтуға себеп.

Жалпы алғанда 100 ауыз бекіткен адамға жасаған сараптама мен 54 ораза ұстаушыға жеке берілген анықтамаға қарағанда, Ислами оразаның жалпы аштықтан ерекшеленетіндігі байқалуда. Мысалы ораза кезінде:

  1. Қан қызметі артпаған.
  2. Қандағы протеин мөлшері азаймаған.
  3. Глицерин деңгейі тек 83.91 пайыз мг-ға ғана төмендеген.
  4. Еркін май қышқылдары көбеймеген, керісінше азайған.
  5. Амино оксидтердің қандағы мөлшері артқан.
  6. Зәрдегі ацетон анықталмаған.
  7. Ислами оразада салмақ жоғалту жоқ деуге тұрарлық өте аз кездеседі.

Құрметті мұсылман қауым! Асыл дініміздің әмірлерін орындаудағы ең басты мәселе – ол ниет. Қандай да бір құлшылықты атқаруда әуелі бір Алланың ризашылығы болу шарт. Сонда ғана әрбір амалымыз бізге пайдасын тигізері сөзсіз. Ал жоғарыда келтірілген мәліметтер, ораза тұтқан кездегі бізге берер пайдасын білу ғана. Ниетіміз түзу, оразамыз қабыл болсын ағайын!

 Асхат Акмамбетов

Жуалы ауданының бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: