#Жуалы: Наурыз мерекесін жамағат "Қайрат" мешітінде тойлады

#Жуалы: Наурыз мерекесін жамағат "Қайрат" мешітінде тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамына орай Жуалы ауданындағы Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Мешіт ауласына қазан асылып, жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Мешіт ауласында бас қосқан жамағат арасында Құран жарысы,  гір көтеру және қол күрестіру, асық ату және қазақша күрес ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді. Спорттық кездесуге барлығы 4-5  команда қатысты. Жан-жақтан жиналған командалар арасынан Қайрат мешітінің жамағаты да жүлделі орындарға ие болды

Мешіт ауласындағы мерекелік шараға Жуалы аудан бас имамы Акмамбетов Асхат Аманжолұлы, «Қайрат» мешітінің молдасы Сарыпбеков Сауранбек Бегаділұлы және «Дихан» мешітінің имамы Жұматаев Жәнібек Ермекбайұлы қатысты. Ауыл қариялары және құрметті қонақтар қатысып, жамағатты Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ұлттық мейрамға орай ұйымдастырылған тұсаукесер рәсімі өтіп, ауыл қариясы Кәрібай ақсақал сәбиге ақ батасын беріп,  Асхат Аманжолұлы және Сауранбек Бегаділұлы «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» тілектерін білдіріп  ұлыстың ұлы күнінде салт-дәстүрімізді  ұлықтап, уағыз-насихат айтты.

Қазақтың төл терекесіне арналған спорттық  шара өткеннен кейін, көлшілік қонақтарға  наурыз көже, палау ас мәзірлері ұсынылды.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: