Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен бастау алған "Ұлы дала имамдары" атты облыстық ашық турнир Байзақ ауданында жалғасын тапты. Ашық турнирге Жамбыл облысына қарасты барлық аудан имамдары және мешіт жамағаттары қатысуда. Ашық турнирді арнайы Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев ашып берді.
"Бұл турнирдің ұйымдастырылудағы мақсатты имамдарымыз бен жамағаттың ауыз біршіллігің нығайту, салт - дәстүрімізді насихаттау және жат ағымның алдын алу.
Мен сіздерді келе жатқан Ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын" - деп, жарыстың сәтті өтуін тіледі.
Жарыс алдың командалар таңыстырылып, мемлекеттік әнұран шырқалды. Байзақ ауданы әкімінінің орынбасары Дәуір Рыспайұлы аудан әкімінің құттықтау сөзін жеткізіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушыларға арнайы түскі ас берілді. Жарысқа 18 команда қатысуда.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі