#Жамбыл: Білімді ұрпақ – ел болашағы

#Жамбыл: Білімді ұрпақ – ел болашағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылында орталық кітапханада  «Айша-бибі» мешінің имамы Таджибаев Қатарбай «Білімді ұрпақ – ел болашағы» деген тақырыпта арнайы дөңгелек үстел өткізді. Келелі кездесуде ауыл имамы кітапхана қызметкерлерімен пікір алмасып, "Білімді болашақты қалай тәрбиелеуге болады?" деген сауалға жуап іздеп көрді. Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі. Бүгінгі жастар – егеменді елдің ертеңгі үміті, ата-бабамыз сан жылдар армандаған тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай сақтайтын ұрпақ жалғасы.

Ел үмітін ер ақтар, ел болам десең, бесігіңді түзе демекші, бүгінгі жаңа буын жас талап күш-қайраты бойында бар кезде елі, ұлты үшін қызмет жасауға міндетті. Өз Отанын әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосу - білікті, иманды, саналы ұрпақтың қолында.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: