#Жамбыл: «Әз-Наурызға» арнайы дастархан жайылды

#Жамбыл: «Әз-Наурызға» арнайы дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық аудандық «Спорт кешенінде» ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Әз-Наурыз» атты арнайы дастарханнан дәм татуға арнайы шақырылған болатын. Шараға қонақ болғандарға қазақтың Наурыз асына айналған жеті түрлі дәмнен дайындалатын «Наурыз – көже» асы арнайы ұсынылды. Спорт кешенінің ұжымымен дәмдес болған аудан имамы қазақтық жыл басы Әз-Наурызға арнап, өз тілегін білдіріп, ақ дастарханға арнап бата берді.   

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегендікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатанымыз содан болса керек.   

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: