Еріксіз түрде алдаушылықтың серіктесі болса не істеу керек?

Еріксіз түрде алдаушылықтың серіктесі болса не істеу керек?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мен сатушы болып істеймін. Жуырда дүкенге бір әйел келіп 900 теңгенің тауарын алып, бірақ кассалық чекті 1500 теңгеге беруімді өтінді. Бұл келешекте өтемақы үшін қажет болған екен, яғни әлдебір компания аталмыш чектегі соманы қайтарып беруі тиіс болыпты. Мен ойланбастан әйелдің сұраған сомасын шығарып бердім, алайда бірден жіберген қателігімді түсіндім.

Осындай қателіктерді түзету үшін, алдымен, келешекте мұндай амалды жасамайтындай тәубеге келу керек, өйткені адам еріксіз түрде болсын алдаушылыққа араласты. Содан кейін садақа берген абзал, Алла Тағала Құранда былай айтқан: «...Шынында жақсылықтар, жамандықтарды жояды...» (11:114). Ал енді 900 теңгенің үстіне 600 теңге пайда көрген әйелге келер болсақ, бұл сома оған харам болып табылады. Аталмыш соманы мұқтаждарға таратып беруі қажет, бірақ бұл садақа болмайды. 

 Алла дұрысын біледі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: