Күнәға қарай кешірім тілеу

Күнәға қарай кешірім тілеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы – қыр-сыры мол ғажап жаратылыс. Жаратылысының көп қырларының бірі – жиі қателесетіні әрі күнә жасайтындығы. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасындағы ең жақсысы өз қателігін мойындап тәубеге келгені» деп осы ақиқатты білдірген. Өзіне қанша мұқият қарағанымен, пайғамбарлардан өзге барлық адамдар күнә жасайды. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайтыны секілді, аяғын шалыс баспайтын адам да болмайды. Күнәләр адам табиғатын өзгертіп жібереді. Күнәні көп жасау арқылы адам өзінің таза, пәк табиғатын сақтай алмай қалады. Күнәлі істер адамды Алла тағаладан алыстатады. Күнә арқылы адам  бірте-бірте күпірлікке бет алады. Қатайған жүректің Алланың «Раббым» деп мойындауы қиындай түседі.

 Алла тағала күнә жасап қателескен пендесіне кешірім тілеп, жарылқау сұрау мүмкіндігін беріп қойған. Таудай күнә жасап қойған адамның өзі Алладан шын жүректен, бар ықыласымен кешірім тілесе, ол күнәсі жоқ болып кетеді. Әбу Хұрайра (р. а) мына оқиғаны жеткізген. «Бір күні жаныма бір әйел келді, сүйтті де: «Мен зина жасадым. Одан туған баланы өлтіріп тастадым. Енді мен үшін тәубе етуге мүмкіндік барма деп сұрады. Мен күнәнің ауырлығына қарап: «Жоқ, сенің тәубең енді қабыл болмайды» дедім. Әлгі әйел: «Әй, сорлы басым-ай сонда мен шынында тозаққа күю үшін жаралғанмын ба?»деп жылап қоя берді. Ертесіне, болған жайды Алла елшісіне жеткіздім. Сонда пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  қабағын шытып: «Сен нестегеніңді білемісің! Құрандағы мына аятты оқымап па ең» деп «Фурқан» сүресінің мына аяттарын оқып берді.  

«Олар Алладан басқа тәңірге сиынбайды. Алланың жаратқанын жазықсыздан жазықсыз өлтірмейді. Зина жасамайды. Кім бұл күнәларды жасаса, Алланың құзырында жазаға тартылады. Қиямет күні оған еселеп азап беріледі. Онда қор болып мәңгі қалады. Алайда кімде-кім тәуба етсе, иман келтіріп, ізгі амалдар жасаса, Алла олардың жамандықтарын жақсылыққа айналдырады. Алла аса жарылқаушы, өте мейірімді. («Фурқан») сүресі, 68-70 аяттар».

Мен дереу әлгі әйелді тауып алып, осы аятты оқып бердім. Әйел «Маған тәубеге мүмкіндік берген, Аллаға шүкір» деп сәждеге бас қойды.  Алайда кешірімнің қабыл болуы бірқатар себептерге байланысты екендігін, естен шығармау керек. Біріншіден, күнәлар адамдардың емес, Алланың назарында жасалғанын, сезіне отырып,  «Астағфирулла» деген сөзді жан жүрегімізбен айта алуымыз керек. Екіншіден, бұл тілегіміздің қабыл болуын үміт етуіміз керек. Үшіншіден, шын көңілмен Алладан оңашада кешірім тілеуіміз қажет.

Тусупов Р. А.  

Шығанақ ауылының имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: