Жұбайының қажеттіліктеріне қатысты үнемдеуге бола ма?

Жұбайының қажеттіліктеріне қатысты үнемдеуге бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Асыл дініміз Ислам ер адамға ерекше құқықтар мен өкілеттіктер беріп қойғанымен қатар, аса зор жауапкершілік те жүктеген, өйткені ер адам отбасын қамтамасыз етіп әрі жұбайының басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға міндетті. Сөзсіз, мұның бәрі саналы түрде жасалуы қажет.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар...» (4:34). «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі» (2:233).

«(Ажырасып, мерзім күткен) әйелдерді шамаларың келгенінше, үйлеріңде тұрғызыңдар. Оларға зорлау үшін түрткі салмаңдар. Егер олар жүкті әйелдер болса, сонда оларға босанғанға дейін нафақа беріңдер. Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емзірсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар. Егер (ер аз беріп, әйел көп тілеп) бір-біріңе ауырлық салсаңдар, баланы басқа әйел емзіруге болады. Кеңшілік иесі бай кісі; өзіне Алланың бергені бойынша нафақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Алла, ауыршылықтан кейін жеңілдік береді» (65:6-7).

Аталмыш міндеттер неке қиылған сәттен бастап күйеудің мойнына ілінеді әрі әйелі бай болсын, жарлы болсын, мұсылман-мұсылман емес болғанына қарамастан аталмыш міндеттердің орындалуы сақталуы тиіс. Бірде Әбу Суфьянның әйелі - Хинд (р.а.) Пайғамбарымызға (ﷺ) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Әбу Суфьян сараң адам, сол себепті ол маған және балаларға өте аз шығынданады. Еріме айтпастан оның қаражатын қолдануыма бола ма?» - деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): «Өзіңе және балаларға жеткілікті түрде қолдана аласың», - деп жауап берген екен (Насаи, Када, 34).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: