Шу ауданына арнайы сапармен келген облыстық мешіттің найб имамы Нұралы Бақытұлының қатысуымен алғашқы шара Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуден басталды. Мектепке келген меймандық аудандық «Жәми» мешітінің найб имамы Мадияр Әбиқұл таныстырып, кездесуді аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Зарина Абдиева жүргізді.
Кездесуде Нұралы Бақытұлы оқушыларға жат ағымдардың жетегіне еріп кетпеу жолдарын түсіндіріп, адаспау үшін қандай амал жасау керектігін түсіндірді. Ағалық ақылын айтып, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі