Қасиетті Құранда «білу» деген мағынаға қабысатын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі екен. Сол секілді алғашқы түскен аят та адамзатты білім алуға шақырады. Білімнің асылы дін білім игеру. Оған жергілікті мешіт имамдары көмекке келері сөзсіз.
Жуырда Шу ауданы Тоғай мешітінің имамы Мағжан Мұратұлы Төле би мешітінің жамағатымен құптан намазы уақытында жүздесіп, «Алланы кемшілік сипаттан пәктеу» тақырыбында уағыз айтты.
Айтылған уағызды жамағат ұйып тыңдап, жылы қабылдады. Туындаған сұрақтарына тиісті жауап алып тарқасты.
"Төле би" мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы кесте жасап, алдағы уақытта әр апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шам мен құптан намазы арасында еліміздегі іргелі діни оқу орны «Нұр-Мубарак» университетінің түлектері яғни Шу ауданындағы мешіт имамдары аудан орталығындағы мешітте жамағатқа уағыз айтатын болады.
Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі