Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай шам намазына келген мешіт жамағатына «Дін және дәстүр» турасында уағыз айтты.
Салт-дәстүрлер тек қана тәлім-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделіп отырған. Мәселен, бала апыл-тапыл баса бастағанда жасалатын «Тұсау кесер».
Бұл – баланың алғаш өмірге қадам жасауына арналған ата-ананың қуанышты тойы. Ал танымдық, тәрбиелік жағы кім көрінгенге емес, ауылдағы аса сыйлы, ел-жұрты құрмет тұтатын өсіп-өнген, ардақты аналарға кестіру арқылы адамның қадірін де үлгі ету болса, рәсімнің тәртіптік рөлі алдымен ала жіппен тұсап алып, соны кестіру, бала бұл өмірде біреудің ала жібін аттамасын, яғни ұрлық жасамасын, алаяқтықтан аулақ жүрсін деген ұғымды білдіретіндігін айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі