#Рысқұловта «Әжелер алқасы» қайта құрылды

#Рысқұловта «Әжелер алқасы» қайта құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінде Әжелер алқасы мүшелерінің бас қосуы өтті.

Ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы Джадраев Әжелер алқа мүшелерін жинап, бірқатар мәселелерді қозғап, тиісінше тапсырмалар берді.

Әсіресе, қазіргі қоғамдағы жастардың, соның ішінде қыздардың тәрбиесіне қатты көңіл бөлу керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар, әжелер алқасының құрамында өзгеріс болғандығын да айта кету керек. Қартайған екі әжеміздің орнына егде жасқа келген әпкелеріміз алқаға мүше болды. Осы жылғы жоспарға аздап өзертулер мен толықтырулар енгізілді. Бас имам жаңадан қосылған алқа мүшелеріне сәттілік тіледі.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: