Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы белсенді аудан жастарымен кездесіп, «Ихсан ілімі – рухани тәрбие жолы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. «Ихсан» сөзі шынайылық деген мағынаны білдіреді.
«Ихсан» дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық ету. «Ихсан» ілімі мұсылман баласын әр істе, әр құлшылықта шынайы болуға тәрбиелейді. Асылында, Алла Тағала барша адамның әр ісін, сөзін, ниетін, тіпті көкейдегі ойын да біледі.
Шынайылық болмаған амалда береке болмайды» - деген болатын. Келелі кездесу соңында ауданның бас имамы жастардың сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі