#Меркі ауданы: Дінге берік болу тақырыбында уағыз айтылды

#Меркі ауданы: Дінге берік болу тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аптаның сұлтаны қасиетті жұма күні Меркі ауданының бас имамы Қанат Талғатұлы жұма намазынан жарты сағат бұрын аудандық «Меркі ата» мешітінде уағыз айтты. Уағыздың тақырыбы «Дінге берік болу» туралы болды. Уағызды Қасиетті Құран аятымен бастап, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, халықпен амандасып барып бастады. Мешітке жиналған халықтың қарасы да көп.

Дінге берік болудың артықшылығы туралы сөз бастап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Сахабаларының өмірінен мысал келтіріп жүйелі сөз бастаған бас имамның айтқан уағызына мешіт ішінде тыныштық орнап, барлық жамағаттың жанары төрге қадалып, дауыс күшейткішке құлақ салып отырды. Әсерлі уағызды аяқтамауын тілеген жұрт намаз уақыты өтседе бұрынғыдай шулап «Уақыт болдының» астынан ап шуласқан жоқ. Кейбір кәрі ақсақалдардың тебіреніп екі көздің мөлдір тамшысына ерік бергенін көрдік. Көне көз қариялардың бұлай тебіренуі Тәуелсіздік аспаны астында Асыл дініміздің қасиетін ашық айтып, еркін көсілген шағымызда Аллаға шүкір айтып толқудан шыққан жүректің жасы дерсіз.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Жұма күн шуағы шашылған күндердің ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күні жаратылған, жұма күні пейішке кірген, жұма күні пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күні болмақ» деген. Жұма намазының соңында өткен ата-бабаларға Құран бағышталып, бас имам дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: