Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жұмағұлов Жандостың және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен аудандағы көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Қайырымдылық екі дүниенің берекесі» атты іс-шара бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді.
Арнайы ұйымдастырлыған іс-шара 10 отбасыны қамтыды. Азық–түліктей және екі қой сойылып берілген көмекке екі жүз елу мың теңге жұмсалды. Қайырымдылық көмек алған отбасылар аудандық мешіт тарапына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

