#Қордай: Ауданның бас имамы Аюба Ансари мешітінің жамағатымен кездесті

#Қордай: Ауданның бас имамы Аюба Ансари мешітінің жамағатымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құптан намазының алдында Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауданында "Аюба Ансари" мешітінің жамағатымен жүздесті.

Көпшілікке "Білім алудың артықшылығы" тақырыбында мардымды насихат, әсерлі уағыз айтты.  Асқар Зәкіржанұлы өз сөзінде: "Дұрыс, сенімді жерден білім алу - қоғамның, елдің тыныштығына апаратын жолдардың бірі. Деструктивті ағымдардың алдын алудың негізгі шаралары" - деп діни білім алудың маңыздылын тілге тиек етті.

Білім артқан сайын адамның иманы күшейіп, адамгершілік қасиеттері артатыны, мінез-құлқының жақсара түсетіні айтлды. Көпшіліктің түрлі сауалына дәйекті жауап беріп, аят-хадистермен қуаттады. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: