Байзақ аудандық "Байзақ баба" мешітінде Мәуліт мерекесі тойланды. Іс-шараға облысымыздағы ұстаздар шақырылды.
Рухани кеш Құранмен және Алланың 99 есімін айтумен бастау алды. "Есікті қаққан жан" және "Ақиқат пайғамбар" атты қойылымдар қойылып, Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) жайлы тақпақ айтумен жалғасты.
Жиналған жамағатқа сұрақ-жауап қойылып, ынталандыру сыйлықтары табысталды. Шәкірттерге ұстаздарымыз ақ тілегін арнап, ақ жаулықты әжеміз батасын берді. Аталмыш шара пайғамбарымызға (с.а.у) салауат айтумен аяқталды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

