#Қордай: Қоғамдық кеңес жасалды

#Қордай: Қоғамдық кеңес жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында қоғамдық кеңес мүшелерінің мәжілісі өтті. Шараға ауданның белсенді ақсақалдары, Қоғамдық кеңес ұйымының төрағасы Әбдібек Сейілханов, Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Сортөбе, Масаншы, Ауқатты ауылдарының әкімдері мен мектеп директорлары, орынбасарлары және Сортөбе ауылдық мешітінің имамдары қатысты. 

Айтулы бас қосудың басты мақсаты - ел ішіндегі ауызбіршілік, ұлтаралық татуластық, тіл мәселелерінде болып жатқан түйіткілдердің түйінін тарқатып, нақты шешімдер ұсыну болатын.

Көпшілік өңірде болып жатқан қоғамдық оқиғаларды, пікірлерді ортаға салып, ақыл мен парасат, шариғат тұрғысында шешімдерін қарастырды.

Жиында айтылған сөз бен таразыға салынған ой қорытындысы жасалып, ұсыныстар бекітілді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: