#Шу: Жұма намаздан кейін нан таратылды

#Шу: Жұма намаздан кейін нан таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнделікті тіршілікте қарапайым заттармен де қайырым жасауға, жақсылық тінін жалғастыруға болатынын ұмытып жатамыз. Көбіміздің санамызда садақа тек теңгемен не малменен беріледі деген дүние бар. Алайда айналаңа жымиып күлгенін, жылы сөз сөйлегенін, жақсы ойда болудың өзі садақа екенін шариғатымызда меңзелген. Шамамыз жететін амалдың бірі астың атасы саналатын нан сыйлаудың өзі сауапқа жетелейтінін жете түсінуіміз керек.

Иісі мұсылман үшін қастерлі Жұма күні Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен ыстық нан тарату науқаны өткен болатын. Жұма намазын оқып, мінәжәт етіп шыққан жамағатқа аталған науқан барысынды жаңа піскен 250 бөлке нан таратылып,  жылулық сыйланды.

Ерекше шараға бөлекше разы болған төлебиліктер ұйымдастырушыларға, демеушілерге ризашылықтарын білдіріп,  қарабайыр түрде алғысқа бөленудін жолы бары екендігін ұғынды.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: