Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылында «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сәбиттің ұйымдастыруымен көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Арнайы көмек 15 отбасына қамтыды. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық көмек алған отбасылар ауыл имамына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

