#Жамбыл: Дін мен дәстүр насихатталуда

#Жамбыл: Дін мен дәстүр насихатталуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық кітапханасында ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы кітапхана қызметкерлері мен кітап сүйер оқырмандарға «Дін мен дәстүр» турасында кеңінен насихат айтты.

Сонымен бірге, кітапханадағы дін жайындағы бірқатар кітаптарды оқырман назарына ұсынуды қолдады. "Дәстүр – әр ұлттың, халықтың діни сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған ғұрыптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы орайда, Ислам дінінің әлемнің 120-дан астам мемлекетінде таралғанын ескере отырып тақырыпты қарастырар болсақ, әлемде ислам дінін ұстанатын екі миллиардқа жуық мұсылман халықтарының әрбірінің дәстүрінде өзіндік ерекшеліктер орын алуы заңдылық. Орналасқан жеріне қарай әрбір мұсылман халқының өзіндік айырмашылықтарын исламның шариғат ілімі  теріске шығармайды" - дейді бас имам өз сөзінде.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: