#Талас ауданында Мәуліт оқылды

#Талас ауданында Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас аудандық орталық мешітінде адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айының құрметіне орай Мәуліт оқылды.

Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларын сақтай отырып, Талас аудандық орталық мешітінде Мәуліт шарасы өтті. Екі дүние сардары, адамзаттың мырзасы болып табылатын сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние есігін ашқан айдың құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада аудандық орталық мешітінің бас имамы Жалғас Жұбатқанов қасиетті құранды оқыса, наиб имам Жасұлан Сейдуалиев Мәулітті оқыды.

Бас имам Жалғас Жұбатқанов мәуліт соңында жаратушы Алладан еліміз бен жеріміздің амандығын тіледі.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: