Аудандық Қордай мешітінде адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына орай Мәуліт оқылды.
Күндердің сұлтаны жұма күні мешітке жиналған жамағат Алла елшісін еске алып, мәуліт жырын тыңдады. Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанов көпшілікке уағыз айтып, пайғамбарға деген жүректердегі сағынышты қозғады.
Дәл мәуліт айында салауат айтудың орны ерекше. «Адам кімді бәрінен артық жақсы көрсе, қияметтің күні сонымен бірге болады», – дейді. Мәуліт пайғамбарымызға деген махаббатты арттыратын ерекше ай. Ол жайында тілге тиек еткен дін мамандары халықты көбірек салауат айтуға шақырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

