Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде жұма намазына ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жамағатқа «Әділ істің-арты игі» тақырыбында уағыз айтты. Әділдік атаулының мағынасы үлкен әрі мұсылман үшін маңызы өте зор. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, турашыл болғандар, Алланың құзырында нұрдан жасалған мінберлерге жайғасатын болады. Олар-үкім етуде отбасы мүшелеріне және өздеріне бағынышты жандарға әділ болғандар», - деп айтқан (имам Мүслім).
Алла Тағала баршамызға екі дүние жақсылығы мен берекетін нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

