#Шу: Аудан бас имамы «Кәрібай молда» мешітінде болды

#Шу: Аудан бас имамы «Кәрібай молда» мешітінде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақиқат айтыла бермесе  ұмытылады дейді кешегі кемеңгерлер. Сол секілді айтудан шаршамайтын, түсіндіруден талмайтындар қатарында мешіт имамдары бар.  Олар шариғат шеңберінде өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып жүр.

Берекелі бейсенбі күні Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев қаланың батыс бөлігінде орналасқан «Кәрібай молда» мешітінде болып, бесін намазына келген жамағатпен кездесті.  Кездесуде Бахтияр Амантайұлы жамағатқа  Алла дініндегі ауыр күнәләрдің бірі, адамды жазым етуден  де салмағы басым фитнәнің зияны туралы уағыз-насихат айтты. Сонымен бірге оның  шығу тарихына тоқталып, қаншалықты күнә екендігі баяндалды.

Сұрақ-жауапқа кезек беріліп, жиналғандар өздеріне керекті деректі тоқып алды.

Байжан Емберді,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз  қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: