Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің имамы Тажибаев Қыдырбай мен мешіт жамағаты, ауыл ақсақалдарының ұйымдастыруымен ауыл шетіндегі мазаратты қоршау жұмыстары қолға алынған болатын.
Бұл бастама аяқталып, мешітте дастархан жайылып, аруақтарға қасиетті Құран бағышталды. Мазарат мал баспас үшін қоршалды.Қабірлер тапталып, аяқасты болмауы үшін қоғамдық зиратты тұтас қоршаған абзал.
Тұтас қоршалған зираттағы қабірлерді жеке-жеке етіп қоршау қажет емес. Егер қабірстан толықтай қоршалмаса, адам мен жануардың аяғына тапталмау үшін қабірді шариғат шеңберінде төртқұлақ етіп қоршауға рұқсат беріледі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

