Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Ансар Абилов мешітке келген жамағатқа «Дінде экстремизм мен терроризм жоқ!» деген тақырыпта кеңінен уағыз-насиахат жұмыстарын жүргізді.
Дін – Жаратушы тарапынан Пайғамбарлары арқылы жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өз жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке қауіп төндірмейтін негіздер жиынтығы.
Ал Экстремизм болса, тілдік мағынасында «шеттеу» (фр.Extremisme, лат.Extremus), яғни «орталықтан ауытқу», «белгіленген жерден шығып кету» дегенді білдіреді. Терминдік тұрғыда: «тәртіпті мойындамайтын», «өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы» дегенге саяды. Ауыл имамы мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


09 Ноябрь 2025
18 Джумада-авваль 1447

