#Жамбыл: Аудан имамы ауыл мешітінде жұма намазын өткізді

#Жамбыл: Аудан имамы ауыл мешітінде жұма намазын өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Мәуліт» айына орай, «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірі мен көркем мінезі жайында» уағыз айтты.

Аудан имамының айтқан жұма уағызын мешіт жамағаты да ұйып тыңдады. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

"Көркем мінез - адам бойындағы ұлы қасиет, әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Әке-шешенің баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Пайғамбарымыз адамдардың ішінде өте қарапайымдысы еді. Ол байдың да кедейдің де шақыруын қабыл алатын. Пайғамбарымыз (с.а.у) ешуақытта оған сыйға берілген затты сынамаған оны керексіз қылып кері қайтармаған. Ол сыйлықты мұсылманнан да, мұсылман еместен де еркектен де әйелден де қабыл алған" - деп жауап берді. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: