Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің имамы Тажібаев Қыдырбай мен жамағат Антон Макаренко атындағы орта мектебінің дирокторы Мейрамкул Орынбайқызының ұйымдастыруымен «Жан жылуы балаға» мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі балаларға барып, сый қалта жасады.
Балалардың қуанышында шек жоқ. 13 мектеп оқушысына көмек көрсетілді. Сол оқушыларға ат салысқан ауыл тұрғындары мен мешітке ұстаздар өз алғыстарын білдірді. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі