#Жамбыл: Бектөбе ауылында Мәуліт оқылды

#Жамбыл: Бектөбе ауылында Мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы Мәдениет үйінде аудандық «Бәйдібек» мешіті мен аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мәуліт» оқылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  өмірі жөнінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы уағыз айтып, Жалпақтөбе мешітінің жамағаты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар оқыды.

Ауданымыздың ауылдарындағы Мәдениет үйлерінде Мәуліт айында іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Мерекеге аудандық Мәдениет үйіннің «Дарын» жастар тератры көпке терең ой тастайтын керемет қойылымдарымен таң-тамаша қалдырды.

«Тұрғани» мешітінің имамы Каримов Рахматулла мен «Айша-бибі»  ауылдық мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, «Мәуліт» оқыды.  Сонымен қатар бір ай бойы Мәдениет үйлерінде Мәуліт оқылып тұратын болды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: