Талас ауданының бас имамы Жалғас Жұбатқанов және Талас ауданы әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жанұзақ Рысбекұлы Ақкөл ауылдық округінің мәдениет үйінде ҚМДБ тарапынан қабылданған «Жеті рухани қазық» бағдарламасы аясында сұхбат жүргізді.
Бас имам ауыл тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, діни ахуалдың тұрақтылығына көз жеткізді. Сонымен қатар, іс-сапар барысында Ақкөл ауылдық округінде жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіттің құрылысымен танысып, Тамды ауылдық "Тәңкібай-ата" мешіті және де Қаратау қаласы "Әбдібай-ата" мешітіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Ал ауыл мешіттерінің имамдарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Талас аудандық мештінің баспасөз қызметі