#Т.Рысқұлов: Уағыз-насихат жасалды

#Т.Рысқұлов: Уағыз-насихат жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінінің жамағатына уағыз айтылды. Уағызды аудандық мешіттің бас имамы Сұлтаншарип қажы жүргізді. 

"Пайғамбарларға иман келтіру" тақырыбындағы насихатта бас имам сөз басында: "Алла тағала қауымдар шектен шыққанда әрқайсына жеке-жеке пайғамбарлар жіберіп отырған. Өз пайғабарларын өлтірген қауымдар да кездескен. Әсіресе, Құран Кәрімде жиі айтылған яһуди қауымы. Алла Тағала өз тарапынан пайғамбарларды мұғжизаларымен жіберіп, сол арқылы Өзінің құдіретін, діннің хақ, пайғамбарлардың шынайы екенін көрсетуімен қатар, ұстаздық дәрежеде адамдарға үлгі қылған,- деді. Сонымен қатар, Пайғамбарлық – Алланың адамзатқа берген нығметі. Пайғамбарлардың бойында міндет болған сипаттар бар: біріншісі – шыншыл болу; екіншісі – аманатшыл болу; үшіншісі – жүктелген нәрсені аяғына дейін  жеткізу; төртіншісі – зерек болу. Осы сипаттарға қарама-қарсы сипаттар елшілерде болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, елшілердің бойында адамға тән қасиеттер міндет болады: олар үлкенді-кішілі күнә жасамайды,"- деп қоса кетті. Сөз соңында, Құран Кәрімде аттары аталған 25 пайғамбарға қысқаша тоқтала кетті.

Қуаныш Тузелбеков 

Т.Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: