Жастар қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Елдік пен егемендіктің иесі, аманат жүгін арқалаған буын. Олардың тәрбиесі, тынысы бабаларымыздың назарынан тыс қалмаған. Әрі бұл ғасырлар бойы ұстанған саф Ислам дінінің негізі бағытымен қабысады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Бахтияр Амантайұлы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен бас қосуға қатысып, бірқатар мәселелерге байланысты мағлұмат берді.
Жастармен жүздескен ауданның бас имамы жат ағымдардың жетегіне ермеудің жолын түсіндіріп, жас шулықтардың Ислам діні туралы танымдарын кеңейту үшін қажетті ақпараттармен бөлісті.
Бас қосу барысында жастар Бахтияр Амантайұлына өз сауалдарын жолдап, сауатты жауаптарын алды. Мұндай маңызды орын алатын шаралар көптеп ұйымдастыру қажеттігі айтылып, алдағы уақыттың еншісіне осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады деді ұйымдастырушы тарап.
Талғат Кәрібайұлы
Шу ауданы «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі