Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың қатысуымен мешіт-медресе қызметкерлерінің жиналысы өтті.
Шарада ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі талқыланып, есебі берілді.
Ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс жөнінде сөз қозғалып, озық және төмен тұстары тарқатылды.
Бас имам мамандарға нақты тапсырмалар беріп, мешіт мүддесі үшін жасалып жатқан игі істер үшін алғысын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі