Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Сортөбе ауылы Имамдар үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Көпшілікпен сұқбаттасып, "Бейбітшілік пен келесім" жайлы насихат айтты. Тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ауызбіршіліктің маңыздылығын көркем түрде ұғындырды.
Татулықтың діндегі орны, ол үшін берілетін жақсылықтарды тілге тиек еткен имам Сортөбеліктердің шариғатқа, дәстүрге қатысты сұрақтарына дәлел мен дәйектерге сүйене отырып нақты жауабымен түсіндіріп өтті.
Қордай ауданық мешітінің баспасөз қызметі